Жүлде басы – 4 млн теңге

406

0

Қызылордада Қала күні мен «Алтын дән-2023» мерекесіне орай ат бәйгесі ұйымдастырылды. Жанкүйерлер ипподромға жиналып, бәйгенің көрігін қыздырған тұлпарлар шабысын қызықтады.

Осы жолы бәйгенің 4 түрінен 82 шабандоз бақ сынады. Еліміздің бірнеше аймағынан сәйгүлігін баптап келгендер қызылордалықтардың мерейлі думан қызығын бөлісті.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Соңғы жылдары ұлттық спорттың облысымызда бұқаралық сипат алғаны қуантады. Жалпы 16 мыңнан астам адам ат спортымен шұғылданады. Жыл сайын 8000-нан аса палуанның қатысуымен өтетін қазақ күресінен «Алтын белбеу» турнирі ең танымал шараға айналды. Облыс орталығында ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы қызмет көрсетеді. Орталықта жастарға барлық мүмкіндіктер жасалған, – деді аймақ басшысы.

5 шақырымды артқа тастаған тай жарыс пен 11 шақырымды құрайтын құнан бәйгеде шиелілік Абзал Тұрғанбек бірінші болып келді.

Ал 15 шақырымды оңай еңсерген топ бәйгеде Алматы облысынан келген Абзал Тұрмыс мәре сызығына алғаш болып жетіп, 2 миллион теңге иеленді.

Аламан бәйгенің бірінші жүлдесі жалағаштық Жаңасыл Бекболатқа бұйырды. Шабандозға 4 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<