Жүректі қалай сақтау керек?

61

0

Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі – қан тамырының қысымы екені белгілі. Қан айналымы жүйесі ауруларының проблемалары, атап айтқанда жүрек қан-тамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипатын алды. ҚР-да жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығушылық 5-7 есеге өсті, бұл дерттермен ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша біздің республика алғашқы орындарда тұр.

ҚР агенттігінің мәліметі бойынша өлім-жітім себебі құрылымында жұмысқа қабілетті жастағы (16-57,5) әйел адамдарға қарағанда 3 есе көп кездесетін қан айналымы жүйесі ауруы жұмыс істеуге қабілетті жастағы (16-62,5) ер адамдарда көш бастауда. Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымының қолдауы бойынша жыл сайын 27 қыркүйекте соңғы жексенбісінде үдемелі дүниежүзілік қауымдастық Бүкіләлемдік жүрек күнін атап өтеді. Бұл күні «Сау жүрекке жол таңда» ұранымен өткізіледі.  Бұл күн қоғам және жеке азаматтардың назарын жүрек қан-тамыр ауруларының мәселелеріне және олардың алдын алу мүмкіндіктеріне аудармақ.

         Жүрек қан-тамыр ауруларынан және инсульттан мерзімінен бұрын болатын өлімдердің 80% басты қауіп-қатер факторларын алдын алу арқылы, яғни  артериалды гипертензия, қан құрамындағы холестерин және қант деңгейінің көтерілуін, темекі шегуді,  алкогольді өнімдерді тұтынуды, тиімсіз тамақтануды, дене шынықтырумен айналыспауды, дененің артық салмағын, аз қимылды өмір салты мен күйзелістерді бақылау арқылы болдырмауға болар еді.

         Республикада 2010 жылдан бастап қан айналым жүйесі ауруының асқынуының алдын алу мен емдеу тиімділігін көтеруде қан айналымы жүйесі ауруларының: артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және басқа инфекциялық емес аурулар (ИЕА), мінез-құлық қауіп-қатер факторларын (темекі тарту, қауіпті мөлшерде алкоголді тұтыну, төмен дене белсенділігі, дұрыс тамақтанбау, холестерин мөлшерінің жоғарылығы және т.б.) ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден өткізу жүргізіледі.  Артериалдық гипертонияның жастарда көптеп анықталатынын атап өту қажет. Өз артериалдық қан қысымын анықтауда халық белсенділігі төмен деңгейде, көптеген пациенттер гипертонияның алдын алуда және салауатты өмір салтын ұстануда белсенділік танытпайды. Бүгінгі күні елімізде шамамен 1,5 миллион адам артериалдық гипертониядан зардап шегеді және бұлардың жартысы өз дерті туралы білмейді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынымдары бойынша, 18 жастан асқан әр адам өз артериалдық қан қысымын және норма көрсеткіштері 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары болмауы тиіс екенін білуі тиіс.

         Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе ғана белгілі болады. Дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретеді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады.

         Қан қысымы асқынуының жиі кездесетін басты себептері – ми, жүрек және бүйрек сияқты өмірлік маңызды ағзалардың зақымдануы. Көптеген сырқаттар ұсынылған дәрі-дәрмектерді қабылдауды өз еріктерімен тоқтатады, ал бұл көп жағдайда аурудың асқынуына әкеледі. Кейде тұрғындар ұсынылған дәрі-дәрмектің мөлшерін өзгертеді. Бұлай жасауға мүлдем болмайды! Қан қысымының жоғарылауы, негізінен қызыл тамырдың ішіне майлы заттардың жиналып қалуынан жүректің ишемиялық ауруын және миға қан құйылуын өршітіп, адам өміріне қауіп тудырушы басты себеп болып табылады. Қан қысымы мен артериялық тамырлардың зақымдануы өзара тығыз байланысып, бір-бірінің әрекетін күшейте түседі. Сондықтан, қазіргі кезде қан қысымының жоғарылуы ауруын емдеу тек қана қан тамырының қысымын қалпына келтірумен шектелмейді. Міндетті түрде, негізгі әрекет қауіп-қатер факторын жоюға бағытталуы керек.

 Түйінді үш мәселе. Бірінші, жейтін тағамның көлемі. Салмақтың артуы кезінде қан тамырының қысымы жоғарылайды, бұл жүректі салмақпен жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ал, салмақты азайту өз кезегінде қан тамыры қысымын төмендетуде маңызды роль атқарады. Екінші, пайдаланатын майдың көлемі. Тамақпен бірге сіңіретін майлар, әсіресе, майдан бөлінетін холестерин деңгейінің артуына себепші болуы мүмкін. Дүниежүзінде миллиондаған адамдар қан тамыры қысымын төмендету үшін дәрі-дәрмектерді ұзақ және тұрақты түрде қабылдайды. Солай бола тұра, жұмыс істеу қабілетін сақтай отырып, белсенді өмір салтын ұстанады. Қан қысымы дәрілерін ұдайы ішкен жағдайда жүрек-қан тамырлары аурулары – миға қан құйылуы (инсульт) мен жүректің жансыздануы (инфаркт) асқынуының арту ықтималдығы айтарлықтай төмендейді. Көңіл-күйінің жоғарылығына байланысты дәрі-дәрмек қабылдамайтын сырқаттарда аурудың асқыну қаупі өте жоғары болады. Дәрі-дәрмектердің белгіленген мөлшерін өз бетінше өзгертуге немесе дәрігердің ұйғарымынсыз оларды ауыстыруға болмайды, өйткені дәрілердің кейбірі өзгертулерге жағымсыз әсер танытады. Бұл жағдайда сырқат өзін нашар сезініп, қан тамырының қысымы жоғарылайды. Тек дәрігер мен оған қаралушының арасындағы сенімді қарым-қатынас қана қан тамыры қысымы ауруын емдеуде жағымды нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

         Ұлы Гиппократ айтқан екен «Гимнастика, дене жаттығулары, жаяу жүру жұмысқа қабілеттілікті, денсаулықты, толыққанды және қуынышты өмір сүруді сақтағысы  келетін әр адамның күнделікті тұрмысына түбегейлі кіру қажет» деп, қарапайым қимыл-қозғалыстың  өзі сіздің денсаулығыңыздың ұзақ жасарып жүруіне зор ықпал ететін естен шығармаңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз