Нақты сектордың даму әлеуеті

41

0

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Үкімет басшысы логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала экономикалық дамудың жоғары қарқынын сақтап, еліміздің жетекші іскерлік орталықтарының бірі ретіндегі рөлін нығайтып отырғанын баяндады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 18,9 трлн теңгеге жетті. Елорда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Биылғы төрт айда 587 млрд теңге инвестиция тартылған, оның шамамен 80%-ын жеке инвестициялар құрайды. Қазіргі таңда Астанада 246 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл секторда шамамен 560 мың адам жұмыспен қамтылған. ШОБ-тың қала экономикасына қосқан үлесі рекордтық деңгейге – 66%-ға жетті. 2026 жылы 26 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде құны 32 млрд теңге болатын 8 жоба пайдалануға беріліп, 500-ге жуық жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін құны 36 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосып, мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Премьер-министр бірқатар маңызды нысандардың жұмысын көрді.