Инфрақұрылымдық жобалар қарқыны сараланды

8

0

Кейінгі төрт жылда Қазалы ауданында 280 пәтер тұрғындар игілігіне берілді. Осы ретте салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының сапасына ерекше назар аударып, тұрақты бақылауы қажет.

Облыс әкімі Мұрат Ергеш­баев, облыстық мәслихат тө­рағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Қазалы ауда­нына жұмыс сапары аясын­да Жанкент ауылының тұр­ғын­дарымен кездесуде нақты тапсырмалар берілді. «Руха­ният орталығында» өткен ау­дан активінде өңірдің әлеу­меттік-экономикалық даму көр­сеткіштері мен алдағы не­гізгі міндеттер талқыланды. Осы жерде белсенді жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Аймақ басшысы аудан әкімдігіне инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды, су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалануды, құры­лыс сапасы мен мерзімін қа­таң бақылауды, инфрақұры­лым­дық жобалардың уақытылы аяқ­­­та­луын қадағалауды тап­сырды.

Қазалы ауданын газдан­ды­ру деңгейі бүгінде 75 па­йыз­­ға жеткен. Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майда­көл және Түктібаев елді мекен­дерін газдандыруға рес­пуб­ликалық бюджеттен 680 млн теңге бөлініп, жұмыс бас­талды. Сонымен қатар құ­жат­­­тары дайын алты ауыл­ды газдандыру жобасын энер­­­ге­­ти­ка және тұрғын үй-ком­му­­­­нал­­­дық шаруашылық бас­қар­­­ма­­сы­мен, салалық ми­нистр­лік­­тер­­мен бірлесіп үйлес­тіру жүк­телді.

Аудандағы маңызды ин­фра­құрылымдық жобалардың бірі – «Қарлаң» көпірінің құ­рылысы. Былтыр оған 6,3 млрд теңге, биыл облыстық бюд­­жеттен 2,2 млрд теңге бө­лініп, жұмыс жоспарға сәй­­кес жүргізілуде. Мұрат Нәл­қо­­жа­ұлы жауапты сала басшы­ла­рына жұмыс бары­сын тұрақты бақылауды, белгі­ленген мер­зім­де пайдалануға беруді тап­сырды.

«Қазалы-Қожабақы-Боз­көл-Кәукей» автомобиль жо­лы­ның 16-шақырымында ор­­на­ласқан Қарлаң учаске­сін­дегі Сырдария өзені арқылы өтетін темір-бетон көпір құры­лысы қарқынды жүргізілуде.

Жоба өңірдің көлік инфра­құрылымын дамытуға, елді ме­кендер арасындағы қаты­нас­­ты жақсартуға және жол қа­уіп­сіздігін арттыруға бағыт­талған.

«Нұрлы-Тау ЛТД» серік­тес­тігі салып жатқан көпірдің ұзындығы – 248,29 метр, 6,3 млрд теңге бөлінген. Құ­ры­лыс жұмыстары кезең-кезе­ңімен жүргізілуде. Толық аяқтал­ған­нан кейін ауданара­лық көлік қатынасы тұрақта­нып, логис­тикалық байланыс едәуір жақ­сарады.

Облыс әкімі көпірдің құ­рылыс алаңында сапаны басты назарда ұстаудың маңызын атап өтті. Мердігер ме­кемеге барлық талапты қа­таң сақтай отырып, көпірді уақы­тылы пай­далануға беру міндеті жүк­телді.

«СБ» ақпарат