Жұлдызды қала дәуірі

387

0

Жер кіндігі Байқоңыр ғарыш айлағынан ​1957 жылы 4 қазанда алғашқы Р-7 зымыраны ұшырылып, орбитаға алғашқы жасанды жер серігі шықты. Мұнан бері дәуір тегершегін дөңгелетіп 66 жыл өтіпті. Ғарышты бейбіт мақсатта игеру, жаңа ғарыштық технологияларды дамыту, кешен қызметкерлері мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына қамқорлық көрсету ісінде Байқоңыр – қос елдің ынтымақтастығының негізгі векторының бірі болып қалмақ.

Мерекелік күнге орай Байқоңыр қалалық мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К. Бусыгин және «Роскосмос» МК-ның Байқоңыр филиалының директоры И.Дмитриев қатысып, жұлдызды қала жұртшылығын құттықтады.​

Шарада аудан басшысы Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаға ие болған аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстап, бағалы сыйлықтар ұсынды.

Ғарышқа ұшу – адамзаттың кешегі арманы еді. Ал бүгінде қос елдің ғарышкерлері – ғарышты бағын­дырғандардың алдыңғы қатарында алшаңдай басып жүр.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<