Жұмысшыны тоқ соқты

339

0

Павлодарда кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты. Ер адамды күйік шалған және жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға қалалық ЖШС-нің бірінде орын алған. 32 жастағы дәнекерлеуші кәсіпорын аумағында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде зардап шеккен. Ер адам ауруханаға жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасында жұмысшы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. – Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және электрошок диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты. ПТР-тест нәтижесінен кейін бейінді бөлімшеге ауыстырады, – деді басқармада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<