Жыл қорытындысына арналды

720

0

Фото: ашық дереккөз

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиынға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, қала әкімі Ғанибек Қазантаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев және жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары қатысты.

Салтанатты шарада қала әкімі Сыр жұртшылығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталды.

– 2021 еліміз үшін үлкен жетістіктерге толы жыл болды. Жаңа заманауи ғимараттар бой көтеріп, нысандар салынды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жол жөндеу жұмыстары қарқын алып, көшеге жарық шамдар орнатылды. Балалар ойын алаңдары пайдалануға беріліп, білім ұялары күрделі жөндеуден өтті. Республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден бөлінген қаржыға халық игілігі үшін қажетті жұмыстар жасалды. Қала көлемі ұлғайып, халықтың саны артты. Жаңа аудандар мен әлеуметтік нысандар шаһар шырайын арттырып, экономикалық әлеуетіміз дамыды. Сырдың сол жағалауын игеріп, қала халқы жаңа да, жайлы баспанаға қол жеткізді. Бұл – Сыр жұртшылығының ынтымағы мен бірлігінің, бізге артқан сенімі мен қолдауының арқасы. Сүйікті қаламыз болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра береді деп сенемін. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа шаттық қуанышын ала келсін. Айналамыз аман, төңірегіміз түгел болсын, – деді қала әкімі.

Жиында жылдағы дәстүрге сай ел дамуына, қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өзіндік үлес қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Халық алғысы» медальдарымен марапатталып, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағын және «Жыл үздіктері» номинациясын иеленді.

Шара қорытындысында жергілікті өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, кеш қонақтарына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<