Жылдың үздік жекпе-жегі

860

0

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жылдың үздік жекпе-жегіне үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жек де енді. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен «Канело» жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ, тізімде Джермелл Чарло – Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада – Роман Гонсалес, Эррол Спенс – Йорденис Угас, Себастьян Фундора – Эрик Любин, Кенширо Тераджи – Хирото Киогучи арасындағы жекпе-жектер де бар.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<