ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТЕРГЕ ҚҰЖАТТАР ЖАСАУ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛУДА

343

0

ҚР Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан 5 институционалдық реформалар аясында осыдан екі жыл бұрын құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басты бағыты – халыққа сапалы, әрі тиімді мемлекеттік қызмет көрсету, халықтың цифрлық сауаттылығы дағдыларын жоғарылату болып табылады.

Бүгінде корпорациямен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту, бірнеше қызмет түрін композитті әдіспен немесе электронды форматта алу секілді оңтайландырулар тиімді жүзеге асырылып жатыр.

Мысалы, 2007 жылғы 26 шілдеде қабылданған ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 18-бабына сәйкес бұрын жаңадан салынған жылымайтын мүліктің техникалық паспорты жасалатын. Қазіргі таңда осы заңдағы соңғы өзгерістер бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды, яғни жаңадан салынған ғимараттарға, құрылыстырға техникалық паспортты жасатпауыңызға да болады. Бірақ, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан салынған құрылыстардың техникалық мәліметтері енгізілуі керек.

Осы орайда нақтылап айта кетейік, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет – мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік обьектісі орналасқан жері бойынша тек қана Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

Ал енді, осы мәліметтерді жоғарыда айтылғандай ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы №492 нөмірлі бұйрығымен бекітілген құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу үшін мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидасына және мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес келесі құжаттар тапсырылады:

Бекітілген нысандағы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу туралы өтініш,

Меншік иесі (жек тұлға) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын анықтайтын құжат (түпнұсқа жеке басын анықтау үшін ұсынылады), сондай-ақ өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат,
Құқық белгілейтін құжат (жаңадан салынған жылымайтын мүлік обьектісіне қабылдау-тапсыру актісі),
Жаңадан салынған жылжымайтын мүлік обьектісі орналасқан жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты,
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізуге алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
       Құқықтық иеленуші Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерін алшақтығын анықтау мақсатында Мемлекеттік корпорацияға мұндай алшақтықтарды анықтау үшін Қағидалардың 4-тармағының 2,) 3,) 4,) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізуге алым төлегенін растайтын құжатты қоса ұсынып өтініш беруге құқылы.
      Алшақтықтарды анықтау жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау негізінде жүзеге асырылады, нәтижесі бойынша Заңның 18-бабының   3-тармағында белгіленген нысан бойынша қорытынды рәсімделеді.
      Алшақтықтар анықталғандығы туралы мәліметтер құқықтық кадастырдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке техникалық тексеріп қарау жүргізілгеннен кейінгі жұмыс күні енгізіледі және меншік иесі немесе оның уәкілетті өкіліне техникалық паспорт қоса ұсынылып қорытынды беріледі.
       Және де осы қызметті алушылар «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүргізген кезде осы Қағиданың 4-тармағында корсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.

    Бүгінгі күні қолданыстағы ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізілген және баға көрсеткіш (прейскурант) бекітілген.

    Тағы бір өзгеріс, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдері бойынша болатын жылжымайтын мүліктердің идентификациялық сипаттамалары өзгерген кезде, оның ішінде елді мекендердің атаулары, көшелердің атаулары, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың (мекенжайлардың) реттік нөмірлері өзгерген немесе кадастрлық нөмірлері өзгерген кезде тегін жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация түзетулерді техникалық паспортқа ол жерге шықпай-ақ, тегін 1 жұмыс күн ішінде енгізетінін хабарлаймыз.

 

Е.ДӘУРЕНҰЛЫ, «Азаматтарға арналған үкімет» 

мемлекеттік корпорациясы Қызылорда 

облысы бойынша филиалының 

«Жылжымалы мүлікті техникалық тексеру 

және кепілді тіркеу» басқармасы басшысы                                                                                                  

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<