Жыр арқауы – Әлмерек

516

0

Алматы облысы Ұйғыр ауданында Әлмерек Жаншықұлының туғанына 365 жыл толуына орай «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті. 

Тарихи тұлғаның өмірі мен өнегесін ұлықтауға арналған жыр жәрмеңкесінде 60-қа жуық ақын бақ сынады. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай төрағалық еткен өнер додасына жерлестеріміз Толыбай Абылаев пен Достық Тілеубергенов қатысып, жүлдегер атанды.

Әлмерек Жаншықұлы жаугершілік заманда қол бастаған батыр, әділдігімен танылған би болыпты. Ат үстінде ғұмыр кешкен әзиз бабаның ғибратты өмірі өшпес өнеге.  

Мерейтой аясында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, «Әлмерек» атты тарихи-танымдық кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Сонымен қатар би әрі батыр бабаның еңселі ескерткіші бой көтерді.

Жерлестерімізді өлең өлкесіндегі жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<