Ассамблея алдында ауқымды міндет тұр

1843

0

Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген қанатты сөз бар. Бүгінде еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет ретінде орнықты.

Бейбітшілік пен келісім – көпэтносты Қа­зақстан азаматтарының күш-жігерінің нәтижесі. Бірінші кезекте бұл – Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХХІХ сессиясында Мемлекет басшысы: «Сан түрлі ұлыстың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыру оңай шаруа емес. Бұл – табандылықты талап ететін күрделі жұмыс. Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалдық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз. Бұл, әрине, Елбасының арқасы», – деп атап өтті. Осы орайда Президент Елбасыға бірегей институттың Құрметті Төрағасы болуды ұсынды. Бұл егемендік алғаннан бастап елдің еңсе тіктеуіне өлшеусіз үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевқа лайықты құрмет деп есептеймін.

Елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтап, дамытуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында ауқымды міндет тұр. Аталған құрылым мұны одан әрі лайықты жалғастыратынына сенімдімін.

Елена РЫБИНА,

облыстық «Славяне» этномәдени

бірлестігінің  мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<