Ассамблея – ел бірлігін бекемдеген құрылым

844

0

Қазақстан тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде бірлігі бекем, халқы тату, жері тыныш мемлекет ретінде қалыптасты. Елдің тұрақты дамуы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа деген сарабдал саясаты, табысты реформаларды  жүзеге асыруымен тікелей байланысты.

Кеше Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХХІХ сессиясына онлайн қатыстым. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырған, Елбасы бастамасымен құрылған Ассамблея бұрын-соңды ешбір елде болмаған құрылым. Еліміздегі татулық пен келісімнің салтанат құруы, тұрғындар арасындағы түсіністік пен сыйластықтан-ақ ұйымның нәтижелі жұмысын бағамдауға болады.

Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы лауазымын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Елбасыға ҚХА-ның Құрметті Төрағасы болуды ұсынды. Бұл – егемендік алғаннан бастап елдің еңсе тіктеуіне бар күш-жігерін аямаған Нұрсұлтан Назарбаевқа деген лайықты құрмет. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен алдағы уақытта да Ассамблея қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтатынына сенімдімін.

Кахар Дадашев,

облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<