Бар жақсылық балаларға

900

0

         Балаларды қорғау күнінде облыстық Полиция департаменті мен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Жан» қоғамдық қорымен бірлесіп,  сегіз жылдан бері қамқорлыққа алынған «Аналар үйі» дағдарыс орталығына  барып балаларды құттықтады.

Олар балаларды құттықтап,  «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ұмытылмас мерекелік концерт ұйымдастырды. Шара аясында тәртіп сақшылары балаларға түрлі ойыншықтар мен қажетті тұрмыстық техника сыйлады.

Жас аналар өз кезегінде қолдау көрсеткен тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<