Бес айдың белесі

134

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен бюджеттің игерілуі, салық базасын ұлғайту, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысы қаралған жиналыс өтті.

Оған департамент пен басқарма бас­шы­лары, қала, аудан әкімдері қатысты.

Облыс әкімі осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуына тоқ­талып, алдағы міндеттерді айқындады.

– Жыл басынан бері өңірімізде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсім қалыптасты.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқар­ма­сымен бірлесіп, көлік саласы бойынша статистикалық есептілік тапсыратын кәсіпорындармен егжей-тегжейлі зер­делеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізіңіздер.

Өткен 5 айда өңірімізде мұнай өндіру көлемі 185,3 мың тоннаға азайған. Соған қарамастан, жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда артты (100,4%).

Облыстық басқарма басшылары, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, әлеуметтік-экономикалық даму бойын­ша барлық макроэкономикалық көрсет­кіштің өсімін қамтамасыз етіңіздер. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі тиіс.

Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық басқармалармен, қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті бюджет түсімдерінің салық базасын ұлғайту бойынша 1 шілдеге дейін тиісті шаралар қабылдап, нақты ұсыныстар енгізіңіздер – деді облыс әкімі.

Жиында қаңтар-мамыр айларын­дағы әлеуметтік-экономикалық көрсет­кіш­тердің орындалуы мен бюджет қар­жы­сының игерілуі туралы облыстық эко­номика және қаржы басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы Фарида Аббасова баяндады.

– Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» эколо­гиялық бағдарламасы елімізде нәтижелі жүзеге асырылуда.

Тұрмыстық қатты қал­дықтарды басқару саласындағы 9 жобаны қаржыландыру үшін «Өнер­кәсіпті дамыту қорымен» жұмыс жасап, сараптама кезеңдерінен толық өткізу бойынша бұған дейін бірнеше рет тапсырма берілді.

Қала, аудан әкімдері, жобаларды қатаң бақылауға алып, жұмысты жеделдетіңіздер. Заңсыз қо­қыс орындарын тез арада жойыңыз­дар.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – бір реттік науқан емес. Қоршаған ор­таны таза ұстау, туған жерімізді көркейту, көгаландыру, абаттандыру тұрғындардың күнделікті әдетіне айналуы тиіс, – деді аймақ басшысы.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бойынша атқарылған жұ­мыстарды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай баяндады.

Есепті мерзімде өнеркәсіп өндірісі 0,4 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 18,2 пайыз, ауыл шаруашылығы 2,3 пайыз, құрылыс жұмыстары көлемі 64,5 пайыз, сауда көлемі 4,9 пайыз артты. Өңір эконо­микасына тартылған инвестиция көлемі 27,1 пайыз артып, 230 млрд теңгеге жетті.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды одан әрі жүйелі жалғастыру үшін «Экологиялық мәде­ниетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырым­дамасын іске асыру жөніндегі Қызыл­орда облысының өңірлік жоспары» бекітілді.

Жоспарда санитарлық таза­лық, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру бағытындағы 43 іс-шара қарастырылған.

Биыл «Үлгілі елді мекен» конкурсын өткізуге, волонтерлік жобалар мен бастамаларды іске асыруға және басқа да шараларға қаржы қаралған.