Бір жыл жатып қалған: Белгілі режиссердің мумияға айналған денесі табылды

327

0

Сурет көрнекілік үшін ғаламтордан алынды

Белгілі режиссер Светлана Джимбинова Мәскеудегі пәтерінен өлі табылды. Оның денесі пәтерде бір жылдан астам уақыт жатып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz mk.ru-ға сілтеме жасап.

Көптен бері көрінбей кеткен 83 жастағы режисерге алдымен көршілері алаңдаған. Олар полицияға хабарлап, оны көптен бері көрмегендерін, есікті қақса, ешкім ашпайтынын айтқан.

Тұрғын үйге келген құқық қорғау органының қызметкерлері пәтердің есігін бұзып кіріп, режиссердің мумияға айналып кеткен денесін тапқан. Медициналық сараптаманың нәтижесінде оның 2022 жылдың басында қайтыс болғаны анықталды.

C.Джимбинова, сурет ашық дереккөзден алынды

Светлана Джимбинова – Кеңес одағы тұсында танымал болған актер Рубен Симоновтың жары. 6 спектакльдің қоюшы режиссері болған. Сонымен қатар, 1978 жылғы «Золушка» фильмінің режиссері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<