Игі бастама – оң өзгеріс

1370

0

Елімізде қазіргі қалыптасқан жағдайдан кейін жаңа, айқын жоспар қажеттігі белгілі болған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда елдің даму деңгейін арттыру мен тұрмыс сапасын жақсартудың нақты бағыттарын айқындап берді.

– Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-эконо­микалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу, – деді Президент.

Осы бағытта нақты тапсырмалар берді. Дағдарысқа қарсы жедел шара­лардың нәтижесінде миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. Уақытша табыссыз қалған азаматтарымыз 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Мемлекет басшысы мұндай жәрдемнің көршілес елдерде, тіпті, басқа ірі мемлекеттерде берілмегенін атап өтті.

Пандемия кезінде елімізде миллион­даған тұрғынға әлеуметтік көмек көр­сетіліп, мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұйымдастырылды.

Біздің өңірімізде аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 24 030 отбасына 50 мың теңгеден бір реттік көмек берілді. Олардың жеке шоттарына 1 201,5 млн теңге қаражат аударылды. Ал 12 259 отбасына 129,8 млн теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Елімізде жарияланған төтенше жағ­дай кезеңінде табысынан айрылуына байланысты 42 500 теңге көлемінде 323 923 адамға, қатаң карантин уақытында бүгінгі күнге дейін 206 897 адамға қосымша әлеуметтік жәрдемақы төленді.

Жекелеген санаттағы азаматтарды азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін наурыз-мамыр айларында 60 300 адам, шілде айына 59 461 адам, тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 53 924 адам 5567 теңгеден әлеуметтік төлем алды.

Сондай-ақ, Жолдауда мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатындығы айтылды. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Бұл қолдау да дер уақытында қабылданған шешім деп ойлаймын.

Жолдауда барлық сала бойынша дамудың нақты жоспары көрсетілді. Ең бастысы, елімізде әрбір сала бойынша оң өзгерістер жасалмақ, ал нақты жос­пар, болашаққа басқаша бетбұрыс жаңа жетістіктерге жетелейді.

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<