Эпизоотиялық ахуал тұрақты

1074

0

Аймаққа республикалық бюджет есебінен 6 мыңнан астам ветеринариялық препарат кезең-кезеңімен әкелініп жатыр. Нақты кезеңде оның 4 мыңға жуық дозасы келді. Қазір эпизоотиялық ауруларға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.

Өткен жылы тіркелген жо­ғары патогенді құс тұмауы ау­руының алдын-алуға қа­жетті ветеринариялық дәрі-дәр­мек­тер де бөлініп отыр.

– Былтыр еліміздің кей­бір аймақтарында жоғары па­то­генді құс тұмауы ауруы тір­келуіне байланысты іс-ша­ралар жоспары бекітіліп, соған сәйкес облыста да жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 67,5 мың үй құсына екпе егу жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, биыл бруцеллез ауруына қарсы 125,5 мың бас ірі қара, 77,4 мың бас уақ мал диагностикалық тексеруден өтті. Нәтижесінде 9 бас ірі қара, 20 бас уақ малдан ауру анықталды. Барлығы ве­теринариялық-сани­тариялық талаптарға сәйкес сойылды. Айта кететін жайт, бруцеллез аурына шал­дығып, сойылған малдың иелеріне өтемақы төленеді, – деді ол.

Брифингте басқарма басшысы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қа­жетті жұмыстардың жүр­гізі­ліп жатқанына да тоқталды. Қа­зіргі күні дерекқор жүйесіне 362,9 мың бас ірі қара, 723,4 мың бас уақ мал, 170,1 мың бас жылқы, 51,9 мың бас түйе және 1,4 мың бас шошқа тір­келген.

Айта кетейік, әртүрлі жұқ­палы және паразитарлық ауру­лардың алдын алу мақсатында 6714 бас қаңғыбас ит пен жабайы мысық ау­ланып, жойылды. Жалпы, нақты кезеңде облыста эпизоотиялық ахуал тұрақты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<