Модернизация сапасын тұрғындар бақылайды

1274

0

Қызылордада 32 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып жатыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында осыған дейін облыс орталығында 134 үй күрделі жөндеуден өткізілген.

Қала әкімінің орынбасары Е.Бердібаев:

«Бағдарламаның тиімді тұсы – мердігер мекемені үй иелері таңдайды. Жұмысқа тұрғындардың кемінде 70%-і келісуі керек. Таңдаған мекеме жұмысын тұрғындар арасынан сайланған белсенді топ қадағалайды. Сын-ескертпе айтып, өзгерту енгізе алады. Бәрі аяқталған соң үйді қабылдап алуға да араласады».

Мұратбаев көшесі 36-үйдің тұрғыны Осадчук Ирина:

«Біз модернизацияны ұзақ күттік. Үйіміз 1964 жылы салынған. Содан бері дұрыс жөндеу көрмеді. Шатырымыздан су ағып, жылу құбырлары мен кәріз жүйесі өте нашар жағдайда болған. Жаңғырту жұмысына көңіліміз толады. Біраз жылға дейін уайымсыз отыратын шығармыз«.

Төле би көшесі 137-а үйдің тұрғыны Жүнісов Алмағанбет:

«Үйдің шатыр дұрысталып жатыр. Су, жылу құбырлары ретке келтірілді. Мердігерді өзіміз таңдадық. Өзіміз қадағалап жүрміз. Жаңғырту жұмыстары ойдағыдай».

Облыс орталығындағы 815 көпқабатты тұрғындің 426сы жөндеуді қажет етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында тағы да қала аумағындағы 26 үйді жаңғыртуға бюджеттік өтінім ұсынылды.

 Қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<