Қазақстанда жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді

471

0

Қазіргі кезде Қазақстанда 600-ден астам кәсіптік стандарт бекітілген. Бұл туралы Мәжілісте заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде тағы 400 кәсіптік стандартты әзірлеу ескерілген. 2030 жылға дейін бұл стандарттар даярланады деп жоспарланып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қазіргі кезде 623 кәсіптік стандарт бар. Олар 2689 мамандықты қамтып отыр. Бұл стандарттарда белгіленген талаптар негізінде білім беру ұйымдары тиісті білім бағдарламаларын әзірлейді. Осы орайда жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр білім беру бағдарламаларының 64 пайызы кәсіби стандарттарды ескере отырып жаңартылғаны мәлім болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<