Қор қолдау көрсетті

2140

0

Мемлекеттің қаржылай қолдауымен жыл сайын ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны артып, тауар өндірушілердің көбеюі облыс тіршілігіне жаңа тыныс бергендей. Бұл ретте «Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қоры» АҚ-ның рөлі айтарлықтай басым. Қор тауар өнді­рушілерге қолдау көрсетіп, басым бағыттарды дамыту және халықты жұмыспен қамту мақсатында ауылдық жерлерде іске асырылатын жобаларды қаржыландырады.

Қор қолдауымен өз кәсібін өр­кен­детіп отырған жандардың бірі – Жа­ңақорған ауданы, Қандөз ауылы­ның тұрғыны Біржан Бердалиев. Ол өткен жылы қордың Қызылорда об­лыс­тық филиалы арқылы жылына 6 процентпен 5 жыл мерзімге 4 млн теңге несие алған. Несие қаражатына 14 бас аналық мүйізді ірі қара сатып алып, мал басын көбейтті.

Кәсіпкер қор ұсынған шарттар то­лығымен қанағаттандыратынын айтып отыр. Қол жеткізген таза табыс несиені өтеуге ғана емес, шаруашылықтың қар­­жылық жағдайын көтеруге де мүм­кіндік берген.

– Осы кәсіпті толығымен меңгеріп, әрі қарай дамытуға ниеттімін. Аймақта ірі қара еті мен малға сұраныс өте жоғары. Мал басын күз айларында сатқан тиімді. Себебі, жас мал жеткі­лікті салмақ жинағаны дұрыс, – дейді ол өз кәсібінің құпиясымен бөлісіп.

Қазіргі уақытта Біржан Бердалиев кәсібін кеңейту бойынша бизнес-жос­пар құруда. Алдағы уақытта түйе өсі­ріп, ауылдастарын да тұрақты жұ­мыс­пен қамтуды көздеп отыр. Жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы іске асырылмақ.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<