Қызылордада 180 отбасы сол жағалаудан үй алды

1432

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалқ 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады.

Олардың арасында әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар бар. Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 4 жаңа тұрғын үй «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында берілді.


«Соңғы 3 жылда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша баспана құрылысына 45,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде көлемі 398 мың шаршы метрді құрайтын 141 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша соңғы 3 жылда 5 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. 20 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді. Биылдың өзінде өңірімізде 1 186 пәтерлік 81 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде», – деді өңір басшысы.


Облыс әкімі жаңа қоныс иелері Өтеповтер әулетінің шаңырағында болды. «Алтын алқа» иегері Алмагүл Өтепова Гүлшара Әбдіқалықоваға тұрғындар атынан алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<