Қызылжармада «Өнегелі отбасы» байқауы өтті

923

0

Қызылжарма ауылдық округінде «Өнегелі отбасы» онлайн байқауы ұйымдастырылды. Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған байқауда 13 отбасының мүшелері бақ сынасты.

Қатысушылар байқау шарттары бойынша «онлайн» түрде «Таныстыру» мен «Отбасы құндылығы» кезеңдерінде берік, бақытты, өнегелі, үздік отбасы үлгісін насихаттады.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды отбасылық дәстүр, отбасының рухани – адамгершілік құндылықтары, ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері және т.б критерийлері бойынша бағалап, анықтады.

Нәтижесімен байқауда І орын екі отбасыға беріліп, «Мәуленқұловтар» және «Жарқынбековтер» отбасы марапатталды. Ал ІІ орын – «Дідебаевтар», ІІІ орын «Кенжебековтер» мен «Шердәулетовтер» отбасына бұйырды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, байқау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы «Қоғамдағы отбасы мәртебесі мен ата-ана тәрбиесін арттыру бағытындағы» әлеуметтік қызметі аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<