Шиеліде дәмді шұжық бар

2048

0

Шиелі ауданында «Шиелі Шұжық» ЖШС бастамасымен шұжық цехы өз жұмысын бастады. Кәсіпкерге серіктес ретінде «Байқоңыр» ӘКК осы жобаға 32 млн теңге қаржылай қолдау көрсеткен.

Цех заманауи құрылғылармен жабдықталған. Тәулігіне 500 келіге дейін шұжық шығаратын шағын кәсіпорын тапсырыс болса, одан көп өнім дайындай алады.

Мұнда әзірге 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал кәсіпкер Патима Маханбеттің айтуынша, 12 түрлі шұжық дайындайтын цехтың басты мақсаты – саннан гөрі сапаға мән беру.

– Серіктестік былтыр желтоқсан айында құрылған болатын. Қазір барлық талапқа сай өнімдері нарыққа шыға бастады. Шұжық түрлері Шиелінің өзінде ғана сатылып жатқан жоқ, облыс орталығындағы әлеуметтік дүкен сөрелерінде де бар, – дейді «Байқоңыр «ӘКК» АҚ жобаларды талдау және іске асыру басқармасының басшысы Жеңісбек Ахметов.

 Айта кетсек, бұл – экологиялық таза, отандық өнім. Сондай-ақ шұжыққа қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін халал стандарты бойынша мал сою цехы да салынған.

Ержан Қожасов,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<