Жол сапасы назардан тыс қалмайды

1057

0

Қазір Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі көшелер көптеп асфальтталып жатыр. Жолдар тегіс, сапалы болуы шарт. Әр көшенің жұмысы ауданәкімі Мұрат Ергешбаевтың тұрақты бақылауында.

Осыған орай Қызылорда қаласындағы «Қыран» ЖШС-ның зертхана қызметкерлері Әйтеке би кентіндегі Қ.Сәтбаев көшесіне төселген асфальтті-бетон жамылғысының сапасы мен талапқа сай болуын тексерді.

Лабораториялық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес Қ.Сәтбаев көшесіне төселген асфальтті-бетон қалыңдығы сапалы орындалғаны, стандартқа сай екені анықталды.

Айта кетейік, Қ.Сәтбаев көшесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<