Күріш көлемі 5,2 мың гектарға қысқарды

446

0

Биыл күріштің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,2 мың гектарға қысқартылды. Есесіне малазықтық және картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемі артты.

– Сырдария өзенінде биыл да вегетациялық кезеңде су көлемі аз болмақ. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 185,6 мың гектарға жоспарланды. Күріш орнына суды аз қажет ететін малазықтық, картоп, көкөніс-бақша дақылдары 4,7 мың гектарға артты. Облыста егіс көлемін әртараптандыруға мән берілуде. Осы мақсатта биыл соя дақылын 200, қант құмайын 312 гектарға егу межеленген, – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясы арқылы 607 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

«Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов және «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров биыл егілген егін алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша каналдар арқылы берілген су көлемі 1,1 млрд текше метр,.

Вегетациялық кезеңде күріш дақылына суды жеткізіп беру үшін 67 дана насос қондырғысын орнату жұмыстары жоспарлануда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<