Қармақшылық диқандар күрішті екінші рет суға бастыруда

469

0

Қармақшы ауданында егістікте сумен қамтамасыз ету үшін Шіркейлі магистралды каналы арқылы секундына 55,1 текше метр су бөлінуде. Өткен жылмен салыстырғанда бидай – 702 гектарға, мақсары – 841 гектарға, жүгері -80 га, күнбағыс -10 га, жаңа жоңышқа – 981 гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев баяндады.


– Алдашбай ахун ауылдық округінде жабынды астына егу тәсілімен 20 гектар көкөніс, бақша дақылдары өсірілуде. Бүгінде барлығы 25215 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде 13156 гектар күріш егілді,- деді Жұлдызхан Ерқосаев.


Ауданда каналдарға 15 дана су айдайтын насос қондырғысы қойылып, су шықпайтын 435 гектар биік жерлерде егістік орналастырылмады.


– 2020-2021 жылдары аралығында 3 электрлі насос және биыл тағы Ақжар ауылдық округіне аяқ су апаруға 1 насосқа өтінім берілді,- деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова.


Қазіргі кезде күрішті екінші рет суға бастыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, сол жаға магистралды каналын 4 бөлімшеге бөле отырып, график дайындалды. Әрқайсысына 5 күннен аспайтын кезек реттілігін қою жоспарлануда.


– Бүгінде сол жаға магистралды каналының аяғында орналасқан Қармақшы ауданы жоспарға сәйкес секундына 56 текше метр су алу керек болса, қазір секундына 54,5 текше метр су келуде. Бұл өткен айдағы көрсеткішпен салыстырғанда едәуір жақсы, – деді Қазсушар РМК Қызылорда филиалының су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<