Субсидиялаудың жаңа тетігін енгізу 2023 жылға қалдырылды

817

0


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігін енгізу 2023 жылға қалдырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы субсидиялау жүйесін реформалаудың бірнеше нұсқасы дайындалды, олар жұмыс тобының отырыстарында бірнеше рет талқыланды. Алайда, әлемдік азық-түлік нарықтарындағы құбылмалылыққа байланысты соңғы оқиғалар салдарынан және ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында субсидиялаудың жаңа тетігін енгізуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Тиісінше, ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады», – деді Ербол Қарашөкеев.

Айтуынша, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің орнықтылығын сақтап қалу республикалық бюджетті нақтылау кезінде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатыр.

«Ол қаражат өткен жылдан жинақталған берешекті өтеуге бағытталады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын тауарлық және материалдық ресурстар бағасының өсуі салдарын жояды», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<