Ана мен бала орталығының жұмысын көрді

203

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыстық Ана мен бала орталығына барып, перзентхананың жұмысымен танысты.

Орталықтың бас дәрігері министрге ана мен бала денсаулық сақтау бағытындағы негізгі атқарылған жұмыстарды тізбектеді.

Облыс әкімі ведомоство басшысымен бірге денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау, ана мен бала өлімін барынша азайту және пациенттерді қажетті орынмен қамту мақсатында жаңа перинаталдық орталық құрылысын салу сынды ортақ мәселелермен пікірлесті. Аймақ басшысы ана мен бала өмірін сақтап қалуға қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын екендігін және министрлікпен бірге кешенді жұмыстарды жалғастыруға ниетті.

350 төсектік перинаталдық орталықта Ажар Ғиният жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімінде жатқан балаларды бақылап, ерте босанған аналармен кездесті. Мұнда өте қиын жағдайдағы және аса назар аударуды талап ететін нәрестелер, салмағы 500 грамм және одан жоғары балалар түседі.

Ана мен балаға көрсетілетін көмек сапасын жақсарту мақсатында орталықтағы дәрігерлерді қосымша мамандыққа оқыту арқылы невролог, кардиолог, офтальмолог мамандары даярланды.

Денсаулық сақтау министрлігі құрсақішілік кезеңнен бастап балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірнеше бастаманы жүзеге асыруда. Қабылданып жатқан шаралар жүкті әйелдерді босануға дейінгі сапалы бақылаумен қамтуды 80%-ға дейін арттыруға ықпал ететін болады.

Айта кетейік, Қызылорда облысы республикада туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі