Елдің сенімі – ең үлкен міндет

109

0

Фото: Облыс әкімдігі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған сала басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы әріптестерін мерекемен құттықтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы еңбектеріне алғыс білдірді.

– Баршаңызды Мемлекеттік қыз­метші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елге адал қызмет ету, Отанды шексіз сүю, туған елдің дамуына аянбай үлес қосу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Егемен еліміздің алдындағы стратегиялық міндеттерді орындауда мемлекеттік басқару жүйесіндегі қыз­меткерлерге артылған жауапкершілік жоғары.

Сіздер Қазақстанның жарқын болашағы жолында халық аманатын арқалап, уақытпен санаспай еңбек етіп, антқа адалдықтың, халыққа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп келесіздер.

Туған жеріміз – Сыр өңірінің әлеу­меттік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қос­қан зор үлестеріңіз үшін шынайы риза­шылығымды, алғысымды біл­діремін!

Бүгінде жаңа трансформация ке­зеңінде кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат құру бағытында мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді. Бюрократиядан арылу, артық кедергілер мен тос­қауылдарды жою, кадрлық резервті қалыптастыру, меритократия қағида­тын енгізу, қызметтерді сандық форматқа көшіру мемлекеттік қызмет моделін қолжетімді әрі сындарлы диалогқа негіздеді. Соның нәтижесінде өңірде мемлекеттік аппаратты оңтайландырып, әкімшілік шығындарды азайтып, басшылық құрам санын қысқарттық.

Президентіміздің Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құру жо­лындағы бастамалары мен тапсыр­маларын аймағымызда сәтті жүзеге асырып, халық сенімінің үдесінен шыға берулеріңізге тілектеспін!

Баршаңыздың дендеріңіз сау, жа­қындарыңыз аман болып, отбасы­ларыңыздың бақ-берекесі арта берсін!, – деді облыс әкімі.

Басқосуда мемлекеттік қызмет­ші­лер марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Әбдіғаппар Әмірғалиұлы мен Қожахмет Ильясов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қыз­мет ардагері», облыстық білім бас­қармасының басшысы Асқарбек Есжанов, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов, Қызылорда қала­сының экономика және қар­жы бөлімінің басшысы Гүлнар Бай­маханова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапат­талды. Бірқатар азаматтарға Қызыл­орда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілердің Ант беру рәсімі өтті.

Айта кетейік, бүгінде үш мыңнан астам мемлекеттік қызметші айма­ғымыздың қарышты дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың 45 пайызы (1 471) – нәзік жандылар. Мемлекеттік қызметтегі қыз-ке­ліншектердің 294-і басшылық лауа­зымды абыроймен атқаруда. Кәсіби білігі жоғары, бәсекеге қабілетті, заманға сай жаңаша ойлайтын жастарға әрдайым орын бар. Өңірімізде 35 жасқа дейінгі 800-ге жуық жас мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Соңғы жылдары айма­ғымыздағы мемлекеттік басқару корпусының әлеуеті артып, қыз­мет­керлер кәсіби білімін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасы Президенті жанын­дағы Мемлекеттік басқару акаде­миясында 24 мемлекеттік қызметші білім алса, 4 әріптесіміз «Болашақ» бағдарламасының түлегі атанды.

Мемлекет басшысының тапсыр­масымен құрылған Президенттік жас­тар кадрлық резерві бүгінде мем­лекеттік басқару жүйесіне жоғары білімді, креативті мамандарды тар­туға ерекше мүмкіндік беруде.

«СБ» ақпарат