Елімізде тарихи-мәдени мұраны цифрландыру жүргізіледі

238

0

Фото: Үкімет телеграм арнасынан

Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында баяндады.

Ол қазіргі уақытта Министрліктің қолдауымен «Qazaq Culture» ақпараттық-ағарту платформасы жұмыс істейтінін атап өтті. Платформа 8 тілде жұмыс істейді. «Qazaq Culture» платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады.

«»Qazaq Culture» жобасын кеңейту жөніндегі жұмыстар шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасының цифрланған объектілері, құнды экспонаттары мен сирек кездесетін жәдігерлері бар жеке модуль іске қосылады»,–  деп түсіндірді Аида Балаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<