Ержүрек азаматтың ата-анасына ілтипат көрсетілді

696

0

Елордада 3 жасар баланы құтқарып, шұғыл әрекет пен батыл қадамға барған Сыр елінің тумасы Сәбит Шонтақбаевқа ілтипат білдірушілер қатарында Сыр елінің жанашыр азаматтары да бар.

Бүгін Аққұм ауылында тұратын Сәбиттің әкесі Серік Шонтақбаев пен анасы Гүлбаршын Пірімбетоваға облыс әкімінің атынан сый-сияпат көрсетіп, теледидар табыстады.

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов осындай ержүрек азаматты дүниеге әкеліп, өнегелі тәрбие берген ата-анасына Сыр халқы атынан ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің құрметін жеткізді.

Құттықтау хатында “оқыс оқиғаның алдын алып, 3 жасар бүлдіршінді аман сақтап қалуы нағыз батырлық пен батылдықтың шынайы үлгісі. Сәбиттің бұл әрекеті Сыр жұртшылығының ғана емес еліміздің барлық азаматтарының жүрегіне әсер етті.

Осындай ержүрек, елжанды ұл өсіріп, тәлім-тәрбие бергендеріңізге Алғысымды жеткіземін»,- делінген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<