Құрмет грамотасын табыстады

524

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлымен кездесті. Әншінің Ұлы Жеңіс күнімен қатар келген 60 жас мерейтойымен құттықтады.

Өңір басшысы отандық эстрададағы қолтаңбасы бар Жеңіс Сейдоллаұлына шығармашылық табыс тілеп, оның туған жерге арналған туындыларын Сыр жұртшылығы жақсы ілтипатпен қабылдайтынын жеткізді. Мерейтой иесіне аймақ жұрты атынан Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Жеңіс Сейдоллаұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.

Талантты әнші-композитордың Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыка драма театрында «Сен деп соққан жүрегім» атты кеші өткізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<