Республикалық байқауда Қызылорда мектебінің директоры топ жарды

874

0

Кеше Қызылордада «Edcrunch Headmaster» атты мектеп директорларының арасында ұйымдастырылған І республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені Қызылорда қаласының атынан қатысқан №101 мектеп-лицейінің директоры Айгүл Алтынбекқызы еншіледі.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, өзара тәжірибе алмасу және білім беру ұйымының озық инновациялық идеяларын насихаттауды мақсат тұтқан байқауға Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан 6 директор қатысып, 5 кезең бойынша бақтарын сынады.

Алғаш өткізілген байқаудың нәтижесі бойынша І орынды Қызылорда қаласынан №101 мектеп-лицейдің директоры Айгүл Өткелбаева жеңіп алса, ІІ орынды Ақмола облысы, Щучинск қаласы №7 мектеп-лицей директоры Дамир Сураганов иеленді. Ал, Түркістан облысы, Ата түрік атындағы №17 мектеп-гимназия директоры Рахила Үрімова жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<