Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артты

251

0

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейі туралы ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлады Қазақпарат.

Ведомствоның хабарлауынша, құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан кіретін мемлекетаралық үйлестіру су комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға 997 миллион текше метр су ағатыны туралы келісімге келген. Судың ағыны жылына кемінде 30 текше метр болады. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су құйылып жатыр. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болған еді.

«Жыл басынан бері Солтүстік Аралға 1,1 миллиард текше метр су құйылды. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы судың көлемі 21,4 миллиард текше метр болып отыр», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған дейін Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталған болатын. Бөгет Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейін көтеруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Kazinform тілшісіне сұхбат беріп, Арал теңізінің ахуалымен бөліскен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<