Жаңа қызметке шығарып салды

87

0

Кеше кадрлық өзгерістер таныстырылған мәжілісте әріптестері осы уақытқа дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ардақ Темірханұлы Зебешевті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құрметпен шығарып салды.

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Ардақ Темірханұлының өңірдің әлеуметтік-экономи­калық дамуына, инвестициялық әлеуетін арт­тыруға және кәсіпкерлікті қолдауға қосқан елеу­лі үлесін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– Ардақ Темірханұлы 2024 жылдың ақпан айынан бері облыс әкімінің орынбасары ретінде инвестиция тарту және кәсіпкерлік салалары­на жетекшілік етті. Оның үйлестіруімен өңір­дің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағыт­талған жүйелі жұмыс жүргізіліп, Мемлекет басшысының инвестициялық экожүйені қалып­тастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда нақты нәтижелерге қол жетті.

Осы кезеңде өңірге 1,4 трлн теңгеден ас­там инвестиция тартылып, соңғы екі жылда жалпы құны 339 млрд теңгеден асатын 48 ин­вестициялық жоба жүзеге асты. Нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықаралық әріптестік байланыстар аясы кеңейді, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Ардақ Зебешевтің жетекшілігімен «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдасты­рыл­ды. Шетелдік инвесторлармен нәтижелі келіс­сөздер жүргізіліп, испаниялық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техника­лық өнім­дер шығаратын зауыты мен швейца­риялық «Har­vest Group» компаниясының агроин­дустриялық кластер құру жобалары бастау алды.

Қытай Халық Республикасымен ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларына озық технологиялар енгізуге бағытталған 9 келісім­шарт­қа қол қойылды. Энергия үнемдейтін шыны өндірісі, заманауи кірпіш зауыты, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын өндірістік кешендер іске қосылды.

Бұдан бөлек, Сыр өңірінің мәдениетін ха­лық­аралық деңгейде насихаттау және ынты­мақтастықты дамыту бағытында Финляндия, Эстония, Испания, Швейцария және Франция мемлекеттерінде өткен өнер күндерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосты.

Ардақ Темірханұлына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының Алғыс хаты, Сыр елінің әлеуметтік-экономи­калық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қы­зылорда облысының Құрмет грамотасы және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

Сонымен қатар, мәжілісте Қызылорда об­лысы прокурорының бірінші орынбасары Ис­лам­бек Төлегеновтің құрметті зейнет де­ма­лысына шығуына орай, Қазақстан Респуб­ликасы Бас прокурорының бұйрығымен облыс прокурорының бірінші орынбасары болып та­ғайындалған Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы таныстырылды.