Ұлттық ойындарды ұлықтады

613

0

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақжарма ауылдық округінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай кент және ауылдық округ жастарының басын қосқан «Qosyl думан» мерекелік шарасы өтті.

Мерекелік шарада ауыл жастары арқан тартыс, аударыспақ, теңге ілу, асық, гір көтеру сынды ұлттық спорттың түрлері бойынша бақ сынады. Бұқаралық спортты дамыта отырып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс тартысты өтті.

Ауыл жастары ұлттық ойындарда епті екендерін байқатты. Командалық есеп бойынша І орынды – Қосшыңырау ауылдық округінің жастары, ІІ орынды – Ақжарма, ІІІ орынды – Ақсуат ауылдық округінің жастары иемденді.

Сайыс жеңімпаздарына Алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында қатысушылар көшет отырғызды. Көпшілікке Наурыз көже ұсынылып, бауырсақ таратылды. Мерекелік іс-шаралар қалаға қарасты ауылдарда жалғасын таппақ.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<