«Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтті

585

0

Облыстағы барлық білім беру мекемелерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп «Адалдық сағаты»республикалық акциясын өткізді.

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясын өткізуде.

Бұл жолы «Адалдық сағаты» карантин жағдайына сәйкес онлайн форматта өтті.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» деп аталған дәріс өмірде жетістікке жету үшін еңбек етудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда ұмытылып бара жатқан тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды сақтауға шақырды.

Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<