Фракцияның кезекті отырысы өтті

394

0

Фото: «AMANAT» партиясы

Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен облыстық мәслихатттағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиында фракция мүшелері алдымен фракция қатарына жаңа мүшені қабылдады.

Жалпы фракция мүшелігі мәслихаттағы «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясы туралы ережесіне сәйкес, депутаттың фракция мүшелігі құрамына қосылуы оның жазбаша өтініші негізінде фракция жиналысының шешімімен рәсімделеді.

Осы орайда, №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Мұсаева Гүлшат Исақызының 2024 жылғы 3 сәуірдегі «AMANAT» партиясы фракциясының құрамына кіру туралы өтінішіне сәйкес фракция құрамына қабылдау ұсынылып, фракция мүшелері бір ауыздан қолдады.

«AMANAT» партиясы Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың Саяси кеңес Бюросында облыстық мәслихаттың Төрағасы лауазымына кандидатураны келісіп, Фракция арқылы сессияға ұсыну қарастырылған. Жиын барысында фракция мүшелері партияның облыстық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты Төрағалығына ұсынылған Тлеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлының кандидатурасын бір ауыздан қолдап, мәслихаттың сессиясына ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<