Психолог маманмен кездесті

329

0

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу  мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Менің отбасым» тақырыбында №37 мекемесінің психолог маманы Ақгүл Амановамен кездесу өтті.

Кездесу барасында сотталған азаматтардың психологиялық жай күйі тексеріліп, отбасына деген қарым-қатынастарын нығайту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Ең алдымен, психолог маман жазасын өтеуші азаматтармен жеке сөйлесіп, кейін ақ параққа өздеріне жақын жандардың аты-жөндерін жазғызып, ұнамайтын жақындарының есімі жазылған парақты жыртып тастауды  бұйырды. Жыртылған парақты қайта түзей алмайтындығын білген сотталған азматтар өмірді түрлі жағайлар орын алатынын, орын алған жағдай бойынша қател іктерін түзей алмайтындығын түсінді. Дәл осындай тәжірибе арқылы сотталған азаматтар өз қателіктерін  түсініп, бостандықтан кейінгі өмірлерін тек жақындарына арнап, адал еңбек пен қызмет атқаратындығын жеткізді.

– Бүгінгі өткен тренингтен түсінгенім мол. Яғни, бізге тек жақындарымыз бен отбасымыздан артық ешкім жақын болмайтындығын, бізді қандай жағдай болмасын қолдайтындарын түсіндік. Әрбір басқан қадамымызды аңдап басып, бостандықтан кейінгі өмірімізді жақындарымызбен жақсылыққа толы естеліктермен өткізгіміз келеді, – деді М есімді азамат.  

Сондай-ақ, №68 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында психолог мамандармен бірлесіп психологиялық көмек пен тәрбиелік жұмыстар жиі жүргізіліп отырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<