Қазақстанда қай қалаға туристер көп келеді?

242

0

Фото: ашық дереккөз

Алматы елге келетін шетелдік туристер саны бойынша көш басында. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың 9 айында туристердің жалпы саны 1,5 миллион адамнан асқан. Оның ішінде шетелдік туристер саны 51,5 пайызға өсіп, 410 мыңға жеткен. Осылайша, мегаполис шетелдік туристерді қабылдайтын Қазақстан қалалары арасында көшбасшы болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<