Күміс қоңырау күмбірі

1006

0

Сурет ашық дереккөзден

Еліміз бойынша мектеп бітіру салтанаты 24-25 мамырда өтуде. Салтанатты іс-шараға облыстағы 330 мектептің 181 804 оқушысы қатысып жатыр. Оның ішінде 8240 оқушы 11-сыныпты бітіреді.

Кеше барлық орта білім беру ұйымдарында 1-10 сыныптарға «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Онда балалардың жыл бойындағы білім жетістіктері мен қоғамдық белсенділігі аталып өтті. Сонымен қатар оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында патриоттық тақырыпта шығарма жазу, өлең оқу ұйымдастырылды.

Ал 9-11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Онда негізінен ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет танытуға басымдық берілді. Сондай-ақ «Бала шақтан – болашаққа», «Мың алғыс саған, ұстазым!», «Жолың болсын, жас түлек!», «МектепLife» тақырыптарында  түрлі креативті бағдарламалар түрінде іс-шаралар өтті.

Бүгін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 11-сынып оқушыларының мектеп бітіру салтанаты өткізіледі. Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы ретінде ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, ардагер-ұстаздар, еңбек ардагерлері қатысады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, биыл 8240 оқушы 11-сыныпты бітірсе, оның 589-ы «Алтын белгіге», ал 9-сыныпты бітіруші 16 015 оқушының 2014-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Жалпы мектеп бітірушілердің 89,7 пайызы ҰБТ-ға қатысады.

Мемлекеттік емтиханды 9 сынып бітірушілері 29 мамыр-10 маусым аралығында,  ал 11 сыныпты бітірушілер 28 мамыр-11 маусым аралығында тапсырады. Ал мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты 14 маусым күні «Жолың болсын, жас түлек!» тақырыбында өткізіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<