Белкөлдің әлеуеті артып келеді

233

0

Фото: қала әкімдігі

​Қала әкімінің халықпен кездесуі Белкөл кентінде жалғасты. Шаһар басшысы Серік Қожаниязов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жайында тұрғындарды толық хабардар етті.

​Кентте инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Айтар болсақ, 8 көше түнгі жарықпен жарықтандырылып, 11 дана электр трансформаторы орнатылды. Үш көшеге электр желісін тарту үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оған республикалық бюджеттен 76,6 млн. теңге бөлінді. Мұнымен қоса, 12 көшенің электр желілерін қайта жаңғырту, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары басталды.

​Кәсіпкерлікті өрістету бойынша «Іскер» бағдарламасы аясында жалпы құны 16 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылды. Жұмыссыздық деңгейі 1,8 пайызға төмендеді.

​Белкөлдіктер көтерген сауалдарда «Орталық» көшесіне аяқ су жүргізу, мәдениет үйін салу, көпқабатты №1, 11, 12 үйлердің шатырын жөндеу жайы қозғалды. Ал, Бірқазан елдімекенінің тұрғындары балалар үшін ойын алаңын салуды сұрады. Шаһар басшысы халықтың сұранысына сай қажетті жұмыстарды жүргізу бойынша нақты шаралар қабылданатындығын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<