Қызық мереке екен

399

0

Қай елден шыққаны белгісіз, 23 ақпанды Жастықпен шайқасу күні деп белгілепті.  Жер жүзінде тек осындай шайқастар өтсе қандай жақсы болар еді. Бірақ өкінішке қарай, олай емес.

         Шайқастың аты шайқас, сондықтан алауыздықпен, қиындықтармен және шешілмейтін міндеттермен күресетін уақыт келді. Бұл ретте сізге жастықтар көмектеседі. Сондай-ақ бұл мерекені суық қыстан кейінгі сергу символы және күйзелістен құтылудың әдісі деп жатады.


                                      23 ақпан сондай-ақ  – Ресейдің Отан қорғаушылар күні. Кеңес Одағы кезінде бұл мереке Кеңес Армиясының және Әскери-теңіз флотының күні ретінде аталып өтетін. Әдетте бұл мерекені әскерде немесе түрлі күш құрылымдарында қызмет еткен ер азаматтар, сондай-ақ ардагерлер мен түрлі соғыстарға қатысушылар тойлайды. Алайда халық түсінігінде бұл мереке «нағыз ерлердің» күні деп саналады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<