Сыр өнімдері әлемнің 16 еліне экспортқа шығады

578

0

Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәлімет бойынша 18,5 млн. долларды құрайтын 55 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді. Олардың қатарында күріш, балық өнімдері және қамыс секілді көптеген атуарлар бар.


Өнімдер әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.


Барлық экспортталған өнімнің 95,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы-күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларус Республикасы, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.


Есепті кезеңге 52,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,6 пайызды құрады.


Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Грузия, Австрия, Украина, Германия және Нидерланды мемлекеттеріне 1 749,6 тонна балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 864,0 тонна қамыс жөнелтілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<