Теолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

251

0

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог мамандары Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесіндегі сотталған азаматтарды бейімдеу және зайырлы қоғамда дінді ұстана отырып қиындықсыз, кедергісіз өмір сүруге болатындығын түсіндірді.

Оған мысал ретінде теолог мамандар қазақ даласындағы исламды ұстанған Ахундар мен Ишандар жәйлі әңгіме жүргізді. Яғни, қазақ даласындағы ахундар олар исламдағы фиқх, ақида және т.б діни білімдерден бөлек медицина, астрономия, инженерия, математика, геометрия, философия, тарих ілімдерін толықтай беске игеріп қорғап шыққан азаматтарға Ахун дәрежесін берген.

Ал, ишандарға келер болсақ, олар құранды толықтай жатқа біліп, араб тілінде еркін тілде сөйлесіп фикх, ақида, усуль, ахлақ т.б ислам бағытындағы діи ілімді игеріп, иджма алған ғалымдарға Ишан дәрежесін берген. Олардың өмірлік ұстанымдарын қарайтын болсақ, олар халықпен бірге болып олардың діни сенімдеріне қарап, яғни, христиан, мұсылман деп бөлмей, бір жұрт болып жүргендігіне тарих дәлел.

Оған қоса елдегі әдет-ғұрыптарды толықтай мойындап, қазақ халқына рухани азық беріп отырған. Олар дәстүрлі ислам бағытындағы «Абу Ханифа» мазхабын толықтай ұстанғандығына тарихи деректерді дәлелдеп, жазасын өтеуші азаматтарға түсіндірді.

Адина Жомартқызы,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<