Әлем жаңа әскери кикілжіңдердің құрбанына айналып барады – Тоқаев

510

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдегі геосаяси жағдайдың тұрақсыздығына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мұнда – БҰҰ штаб-пәтерінде адамзат үшін аса маңызды кезеңде бас қосып отырмыз. Әлем геосаяси қайшылықтар күшейіп келе жатқан жаңа кезеңге қадам басқан секілді» – деді Мемлекет басшысы.

Ол қазіргі жүйе әлемде тұрақтылықты сақтауға қауқарсыз болып тұрғанын атап өті.

«Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып отыр. Тежемелік және тепе-теңдіктің жаһандық жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қала алмады. Қауіпсіздік архитектурасы келмеске кетіп барады. Әлемдік алпауыттар арасындағы өзара сенімсіздік жылдам арта түсті. Әлем жаңа әскери қақтығыс ошақтарының құрбанына айналды»,- деді Президент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<