Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты – Айдос Үкібай

796

0

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тестінің қорытындысы бойынша індет анықталған жоқ. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», – деп жазды А.Үкібай Twitter-де.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<