Опера әншісі облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды

1962

1

Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алды. «Астана Опера» театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. 

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Сүндет Байғожин тағайындалды.

  Опера майталманы Сыр елінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарлануда. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<