Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

1185

0

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайтын бүгінгі жиынға Мәжілістің – 98 және Сенаттың 44 депутаты қатысып отыр.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<