Президент Жетісу тігін фабрикасы жұмысымен танысты

574

0

Мемлекет басшысы Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фабрика халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды көптеп жұмысқа алған. Атап айтқанда, 26 көп балалы ана, 36 жалғызбасты ана, 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет етеді.

Фабрика басшысы Президентке өндіріс орнында қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалғанын және қызметкерлерге үш мезгіл тегін тамақ берілетінін, жұмысшыларды тасымалдау үшін тиісті көлік қарастырылғанын баяндады.

Заманауи тігін жабдықтарына ие кәсіпорын бүгінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) және арнаулы киім формаларын тігеді. Қасым-Жомарт Тоқаев фабриканың өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлгі болатынын айтты.

Президент фабриканың жұмысын жоғары бағалап, өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<